Білім

Қала белсенділері арасында “Тіл білгірлері” лингвистикалық квес ойыны өтті

Облыс орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл білгірлері» лингвистикалық квес ойыны ұйымдастырылды. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Олар: кроссворд шешу, грамматикалық тапсырма орындау, шығармашылық тұрғыда ойлау және т.б. Барлық тапсырма 3 тілде берілді. Білгірлер додасына белсене қатысқан жанның бірі – Есенжол Жылқайдар. Қозыбаев университетінің студенті мұндай квестте бірінші рет бақ сынап отыр екен.

ЕСЕНЖОЛ ЖЫЛҚАЙДАР, Қозыбаев университетінің студенті:

– Барлығы жақсы өтіп жатыр. Қатысушылар бір-бірінен асып түсу үшін жанталасуда.

Додаға 5 команда қатысуда. Олар: “Жастар Ассамблесясы” қоғамдық бірлестігі, қалалық Жастар ресурстық орталығы, Қоғамдық даму және ақпарат орталығының өкілдері мен еріктілер, сондай-ақ, Қозыбаев университетінің студенттері.

НӘЗИРА БИМАНОВА, СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы:

– Іс-шараның мақсаты – жастар арасында тіл үйренуге қызығушылықты арттыру, олардың белсенділігін дамыту. Бұл іс-шара бірінші рет ұйымдастырылуда.

Қорытынды бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаз ұжым ақшалай сыйлықпен марапатталады.

 

Гульден Симбаева