Қоғам

Қазақстандықтардың тапқан табысының жартысына жуығы азық-түлікке кетеді

“Қазақстандықтардың тапқан табысының жартысына жуығы азық-түлікке кетеді”,- деп жазды ranking.kz. Ел тұрғындарының айына тамаққа 213 АҚШ долларын жұмсайтыны белгілі болды. Яғни, шамамен 98 мың теңге. Бұл – халықаралық сарапшылардың тұжырымы. Ал Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлікке кететін айлық шығын 45 мың теңгеге жуықтайды. Тұрғындар азық-түлік алу үшін өзге тауарға жұмсалатын қаражаттарын қысқартқан. Киім-кешек пен жиһаз алу да азайыпты. Бір қызығы, азаматтар сырттан көп тамақтанған. Қоғамдық тамақтану орындарында ас ішу үлесі 1,7-ден 2,2%-ға өскен.

 

Аснурия Абдула