Білім

Петропавлдағы мектептердің бірінде инклюзиялық кабинет ашылады

А.Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектебінде биыл инклюзиялық кабинет ашылады. Мұнда 1300-ден аса бала білім алады, оларға 100-ден астам мұғалім білім береді. Мектеп оқушыларының 40-ға жуығы – дамуында ауытқуы бар балалар. Таяу арада ашылатын жаңа кабинетте ерекше ұл-қыздарға логопед, педагог-психолог, әдіскер, дефектолог сынды мамандар сабақ беретін болады.

ГҮЛДЕН АЛЕНОВА, А.Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектебі директорының міндетін атқарушы:

– Ерекше балалардың өз бағдарламалары болады. Балалармен әдіскер, дефектолог, мұғалімдер жұмыс істейді. Бұл мектеп 1988 жылы құрылды. Ашылғанына 35 жыл болады.

 

Гульден Симбаева