Қоғам

СҚО-да “Жайлы мектеп” жобасы аясында 4 мектеп салынады

Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 нысанның құрылысы жоспарлануда. 1200 балаға арналған білім ұясы Қопай ықшам ауданында және 900 орындық Жас өркенде бой көтереді. Оған қоса тағы қос мектеп Орман және Береке ықшам аудандарында салынады. Әрқайсысы 600 орынға шақталған. Қос нысанның құрылысына қатысты байқау жуырда аяқталды. Мердігерлері белгілі болды. Орман мен Берекеде бой көтеретін нысандарға жиынтық көлемі 7,6 млрд теңге қаражат қарастырылып отыр.
Қалған мектептерге қатысты байқау әлі өткен жоқ. Нысандарға қандай дүниелер қажеттігін мемлекеттік органдар мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ аймақтық өкілдері талқылап жатыр.

 

Гульден Симбаева