Қоғам

Ауыл интернатындағы күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын

Николаевка ауылындағы мектеп жанындағы интернатқа жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы аяқталып келеді. Есіл ауданына қарасты бұл нысанға 136 млн теңге қаражат бөлініпті. Мекеме 40 балаға шақталған. Интернаттың есік-еден, шатырымен қоса баспалдақтары да жөнделіп, жылу жүйесі ауыстырылған. Кәріздік жүйе мен электр сымдары да жаңартылды. Айнала 11 бақылау камерасы орнатылған. Жөндеу жұмысының сапасын жуырда «AMANAT» партиясының хатшысы Руслан Әлішев келіп байқап кетті.

РУСЛАН ӘЛІШЕВ, «AMANAT» партиясының хатшысы:

– Жөндеу жұмысы кезінде нысанда партиялық бақылау бекеті жұмыс істеді. Оның мүшелері істің уақытылы орындалуын, еңбек заңнамасының сақталуын, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылап отырды. Қандай да бір мәселе туындаған жағдайда оқушылардың ата-аналары мен мектеп-интернаттың басшылығы депутаттар мен партия мүшелеріне жүгінді.

 

Ақжүніс Мұқатай