Қоғам

Тимирязев ауданының құрылғанына – 60 жыл

Биыл Тимирязев ауданына 60 жыл толып отыр. Аудан 1973 жылдың 2 қаңтарында құрылған. Мерейтойына арнайы келген аймақ басшысы Айдарбек Сапаров жиналған қауымды атаулы датамен құттықтады. Бүгінгі жеткен жетістіктің барлығы еңбекқор азаматтардың арқасында екендігін айтып, алғысын білдірді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Артта қалған 60 жыл тимирязевтықтар үшін өсіп-өркендеу, кемелдену кезеңі болғанын айтуымыз тиіс. “50 жылда ел жаңа”,- демекші, әсіресе, тәуелсіздік жылдары бұл өңір адам танымайтындай өзгерді. Бүгінгі таңда Тимирязев ауданының аты тек астығымен ғана шығып отырған жоқ. Өңірдің шағын және орта бизнесі де дамуда. Басқа салаларда да қол жеткізген табыстары мол. Ауданның серпінді дамуына ат салысып, түрлі салада қызмет атқарған ардагерлерімізге айрықша алғыс айтқым келеді.

Дамыған инфрақұрылымы бар аймақ. Өңір басшысы ауданда стадион күрделі жөндеу өткенін, сондай-ақ, Степное және Ақсуат ауылдарында мәдени-сауықтыру нысандарының құрылысы басталғандығын айтты. Комсомольское және Москворецкое ауылдарындағы мектептер жаңартылды. Ішкі жолдар да жөнделген. Мәселен, аудан орталығында 6 көшеге жаңа асфальт төселіпті. Қазір «Есіл-Ақсуат» бағытындағы жол мен Хмельницкое және Сулы ауылдарының кіреберісі ретке келтірілуде.

Мерейтой тек 60 жылды қорытындылау ғана емес, бұл күні ауданның өркендеп, дамуына өз үлесін қосқан бірқатар азамат марапатталды. Айдарбек Сапаров Ақсуат орта мектебі жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі Бейнегүл Жұмағалиеваға “Құрмет” грамотасын табыстады.

БЕЙНЕГҮЛ ЖҰМАҒАЛИЕВА, Ақсуат орта мектебі жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі, Тимирязев ауданы:

– Біздің орталықта 2 топ бар. Кіші топта 2 жастан 3 жасқа дейін. Ал ересек топта 4 жастан 5 жасқа дейінгі балалар бар. Ұжымым, жұмыс орным өзіме ұнайды. 01:30- 01:37 Жалпы, ауданымыз жақсы дамып жатыр. Атқарылып жатқан еңбектер жетерлік.

Ауданның мерейтойына орай облыс әкімі спорт бөлімінің басшысы Армида Манукянға су жаңа газельдің кілтін табыс етті. Енді ауыл спортшылары облыстағы кез келген жарысқа еш қиындықсыз бара алады.

Солтүстікқазақстандықтар шағын футболдан, жағажай волейболынан, ұлттық жарыс түрлерінен бақтарын сынады. Әділ Қайыров күреспен кәсіби түрде айналысады.

ӘДІЛ ҚАЙЫРОВ, балуан, Шал ақын ауданы:

– Мен 10-сыныптан бастап қазақ күресімен айналыса бастадым. М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға түсіп, 1-ші курс болғанда кәсіби түрде айналыстым. Топтық және жекелей жеңістерім бар. Жекелей “Жас барыс”, “Қажымұқан” сайыстарына қатысып жүлделі болдым. Ал, топтық “Ұлы Дала рухы”, республикалық “Ақ бидайда” жарыстарына да қатысқанмын. Алдағы мақсатым- “Қазақстан барысына” жолдама алу. Үш белбеудің бірін Солтүстік Қазақстан облысының қоржынына салу.

Жергілікті тұрғындар мен қонақтар ауданның көркейіп келе жатқандығын алға тартты.

– Соңғы жылдары жолдар жөнделіп, аулалар таза болып қалды. 02:22 Балалар ойнайтын жерлер пайда болды.
– Мінберден айтылған өзгерістердің бәрі менің көз алдымда орын алды. 60 жыл аудан үшін жақсы өтті. Ауқымды өзгерістер орын алды.

Бұл соңы емес. Думанды шара күн батқаннан кейін де жалғасын тапты.

Тимирязев ауданының 60 жылдық мерейтойын мерекелеу шарасы отшашумен аяқталды.

 

Аснурия Абдула