Облыста үш күнде 30-дан аса қылмыс тіркеліп, оның 27-сі кезекшілік уақытында ашылды. Тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны мыңнан асады. ҚР-да тұру ережесін бұзудың 238 фактісі анықталды. Қоғамдық орында мас күйде жүретіндер көп. Ішімдік ішіп алған 200-ден аса адам ұсталды. Ал түнде көше кезетін жасөспірімдердің саны 80-ге жуықтайды. Ұсақ бұзақылық жасағандарға қатысты 71 хаттама толтырылды. Өңірде үш күн бойы “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Акжунис Мухатай