Петропавл әкімі өз баяндамасын 2023 жылғы бюджеттен бастады. Онда кіріс көзінің өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе артқанын атап өтті. Кіріс көзінен облыстық бюджетке 21,7 млрд қаржы түскен. Ал жеке табыстар – 17,7 млрд теңгені құрайды.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
– Негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер. Соңғы 7 айда келесі бағыттар бойынша өсім байқалады: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 225,5 млрд теңгені құрады. 7 ай ішінде машина жасау саласында 78,4 млрд теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер көрсетілді. Тамақ өнімдерін өндіруден түскен сома 74,9 млрд теңгені құрады.
Биыл негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 60,5 млрд теңге. Ондағы жеке инвестиция – 45,5 млрд теңге. Сондай-ақ, қаңтар-шілде айларында қалада 50,5 мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Облыс орталығындағы жалпы құрылыс жұмыстарына – 7 айда 28 млдр теңге жұмсалды.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
– Құрылыс жұмыстарының көлемі 7 айда Құрылыс жұмыстарының көлемі 7 айда 28,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,4%. Бөлшек тауар айналымының көлемі қаңтар-шілде айлары аралығында 139,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 105,8%.
Сондай-ақ, жиында білім ордалардың жаңа оқу жылына дайындығы сөз болды. Қазір Петропавлда 91 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Биыл бұл салаға бөлінген бюджет – 26 млрд теңгеден асқан. Депутаттарды мектептердегі жөндеу жұмыстарының жаңа оқу жылына дейін аяқталуы және оған апаратын жолдардың жағдайы қызықтырды. Қала әкімі жаңа оқу жылына дейін барлығы жөнге келтірілетінін жеткізді.
Алдияр Айтпаев