Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда 95 мың бизнес-жоба субсидияланды

Мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлікті қорғау Департаментінің директоры Нұрбол Жаңабеков қазіргі уақытта елімізде 95 мың бизнес-жоба субсидия алғанын хабарлады. Бұл қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын біріктірген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның арқасында мүмкін болды. Қаржы құралдарының ішінде субсидиялар ең танымал. Бұл субсидиялар банктер беретін несиелерді арзандатуға бағытталған.

Мемлекет ставканың 13,75% – суб субсидиялайды, кәсіпкерлер 8% (қалаларда) және 7% (ауылдық жерлерде) төлейді. “Қарапайым заттар экономикасы” және “Бизнестің жол картасы” бағдарламаларын іске асыру басталғаннан бері шамамен 7 трлн теңгеге 95 мың жобаға субсидия берілді.