Қоғам

“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасы

Облыста 4 күн бойы “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасы өткізілді.
4 күннің ішінде жол жүру ережесін бұзуға қатысты мың жарымға жуық
факті тіркелген. Оның 22-сінде жүргізуші көлігін мас күйде басқарған, 178 жағдайда адамдар қауіпсіздік белдігін тақпаған, 150-ден астамында жылдамдық асырылған. Жаяу жүргіншілер тарапынан да 100-ден астам бұзушылық жасалған. Көп жағдайда тұрғындар белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Үстіміздегі жылдың 7 айында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 184 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Нәтижесінде 22 адам көз жұмып, 20 адам жарақат алды. Сонымен қатар, мас жүргізушілердің кінәсінен 14 жол апаты тіркелді. 4 адам қаза тауып, 20 адам жарақаттанды. 

Тұрғындар жедел-алдын алу шараларының жиі өткізілуі жол-көлік апатын азайтуға ықпал етеді дейді.

Самархан Мұқанов, Аққайың ауданының тұрғыны:

– Мұндай акциялар керек. Жақсы ғой. Халыққа көмек.

Жол қателікті кшеірмейді. Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де жолда абай болу қажеттігін ескертеді. Ешқайда асығып-аптықпай, жол жүру ережелерін қатаң ұстану қажет. Сонда адам бағыт алған жеріне өзі де, өзгеге де зақым келтірмей аман-есен жетеді.

 

Гульден Симбаева