Қоғам

Дүкен иесі ауласын абаттандыруда

20-шы шағын ауданда орналасқан мына азық-түлік дүкені 22 жыл бұрын ашылған. Лариса Хизбулина бұрын анасы тұрған пәтерге жөндеу жұмысын жүргізіп, одан дүкен жасаған. Кәсіпкер сауда орнының ішіне ғана қаржы құймай, маңайын да көркейтуге айтарлықтай үлес қосып жатыр.

ЛАРИСА ХИЗБУЛИНА, дүкен иесі:

– Дүкеннің алды мемлекет меншігіне жатады. Күрделі жөндеу жүргізе алмаймын. Үйге кіретін жылу трассасы да жақын орналасқан. Сондықтан, бұл жерде артық ешнәрсе жасауға құқығымыз жоқ.

Дүкен алды толған гүлдер. Өсімдіктердің сан алуандығы көздің жауын алады. Лариса Хизбулина тұрғындар бізге азық-түлік алу үшін ғана емес, сүйіспеншілікпен өсірілген жасыл желекті қызықтау үшін келеді дейді.
Гүлдерді өзі баптаса, ауланың тазалығына сыпырушы жауапты.

ЛАРИСА ХИЗБУЛИНА, дүкен иесі:

– Сыпырушы күн сайын келіп аумақты тазартады. Қыс мезгілінде оның жұмысы көбейеді. Дүкенннің алдын адамдар тайып кетпесін деп қар мен мұздан тазалайды.

Бір күнде дүкенге 20-ға жуық адам келеді.

– Осы дүкенге жиі келіп тұрамын. Ауласы құлпырып тұр.
– Дүкеннің маңайы абаттандырылған. Кәсіпкер нысан алдына жауапкершілікпен қарайды. Еңбегі көрініп тұр.

Дүкен иесі нысан қасбетін жаңартуды жоспарлап отыр.

 

Гульден Симбаева