Аралағаш ауылының тұсында кеше түнде 2 көлік соқтығысып қалды. Оқиға “Астана-Петропавл” автожолының 431-ші шақырымында болды. Бір-біріне соғылған “Toyota Hiace” пен тіркемесі бар “MAN” жүк көлігі бірден жанып кеткен. Жеңіл көліктің 52 жастағы жүргізушісі мен 54 жастағы жолаушысы – екеуі де Астана қаласының тұрғындары, өкінішке қарай, сол жерде көз жұмды. “MAN” -ның жүргізушісі – 43 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Аталған факті
ҚР ҚК 345-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде процестік шешім қабылданады.
Данаш Хамзина