Қарағанды облысының 32 жастағы тұрғыны бірнеше ай бойы интернет-алаяқтықпен айналысқан. Танымал сайттардың бірінде арзанға жалға берілетін пәтерлер туралы жалған хабарлама жариялаған. 10 мың теңге сұратып, оны алып алған соң алданып қалған пәтер іздеушілердің нөмірін бұғаттап отырған. Қу келіншек
мекен жайларды көбінесе Петропавлдан ұсынған. Әйел адам ізін жасыру үшін интернетте тауып алған біреудің жеке куәлігін ұсынып отырған.
Петропавлдық полицейлер ақыры алаяқты ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында ол жәбірленушілерге келтірген шығынды өтеген. Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды әрі үстінен шартты мерзімнің өтелмеген 6 айын қосып берді.
Жалпы, облыста жыл басынан бері 400-ге жуық интернет-алаяқтық тіркелді, оның 150-ден астамы алдын ала төлем жасатумен байланысты.