Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті және 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралды. Кеңеске Премьер-министр, Қаржы-экономикалық блоктың, Ұлттық банктің, жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Президент әлемдік экономикадағы трендтермен, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлерімен  танысты. Мемлекет басшысы салмақты макроэкономикалық саясат жүргізудің және мемлекеттің әлеуметтік салада қабылдаған барлық міндеттемелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша Үкіметке бюджеттік процеске бақылауды күшейту, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету тапсырылды.