Мәдениет

Қожаберген жырау ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Қожаберген жырау Жамбыл ауданындағы Гүлтөбе Маманай өңірінде дүниеге келген. 1763 жылдың қазан айында жүз бірге қараған шағында қайтыс болған. 2018 жылы Қожаберген жырауға арналған алып ескерткіш Петропавлда салтанатты түрде ашылған болатын. Биіктігі 12 метрлік мүсін қоладан құйылды. Жыраудың бейнесін жасауға 12 жыл уақыт кеткен. Бүгін сол алып ескерткішке гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді.

САБЫР ҚАСЫМОВ, республикалық “Қаһарман” қорының төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты:

– Мынау тұрған ескерткіш жалғыз Қожабергенге емес, бұл сол кездегі осыдан 300 жыл бұрын біздің осы солтүстік өңірде күрескен, солтүстік өңірдің иесі – қазақ халқы, соларға қойылған ескерткіш. Жалпы, жер үшін, қазақ үшін, қазақтың бостандығы үшін. Ол кезде жоңғардан қорғалған. Соған қарсы шыққан. Соған мынау халықты ұйымдастырып, бұл кісі солардың басшысы болған. Соған арналған.

Бекет Тұрғараев біздің облыста бірнеше жыл судья болды. Сол кездері жергілікті «Асыл мұра» ұйымының мүшелерімен танысады. Осылайша, «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қайырымдылық қоры құрылады.

БЕКЕТ ТҰРҒАРАЕВ, “Жеті жарғы және Қожаберген жырау” ҚҚ төрағасы:

– Қожабергеннің кесенесін тұрғыздық. Қожаберген туралы кітаптарын, шығармаларды тірілттік. «Өлке тарихы – тұлғалар тағдыры» деген 2010 жылы конференция өткізіп. Сонда елімізге белгілі үлкен-үлкен академиктердің бәрін шақырып, осында өткіздік. Содан кейін «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қорын құрып 2007 жылы Қожабергеннің барлық еңбегін зерттеп, көтердік.

Қожаберген жыраудың қазақ халқының қилы замандағы қиын өмірінен сыр шертетін «Елім-айы» көпке мәлім. Биыл осы дастанның жарық көргеніне – 300 жыл.

БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕҰЛЫ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

– Бұл кісінің Елім-айы – қазақ тарихындағы жырдың ғана тарихы емес, елдің тарихы. Мына қалмақтардың бізге 300 жыл жасаған соғысының бәрін айтады. Түрік халықтарының қалай бүкіл Сібірден жойылып кеткенін, соны жою үшін біздің ата жау қалмақ болғанының бәрін айтады. Мына Шыңғыс ханға қатысты мәліметтердің бәрінде Барин, Бараба, Тба, Уранхай деген халықтардың бәрін Шыңғысханға байланысты айтады. Қожаберген жырау “Елім-ай” жырында айтады. Соның бәрін қозғаған батыр.

Бүгінге дейін Қожаберген өмірі мен шығармашылығы жайында 15 000 әдебиет жарық көрген. Кітаптар еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп, мектептер мен ЖОО-на тегін таратылды. Ал биыл «Елім-ай» дастанының 300 жылдығына орай тағы 2000 дана кітап шықты. Оның 1000 данасы Қызылжарда қалса, қалғаны оңтүстікке жөнелтілген.

 

Алдияр Айтпаев