Денсаулық сақтау

СҚО-да жыл басынан бері 12 адам қызылша ауруыға шалдыққан

Қазақстанда жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам қызылшамен ауырған. Оның 72%-ы екпе алмаған екен. Ал өңіріміздегі 12 адам вирустың ауыр түрімен сырқаттаныпты, оның 8-і – петропавлдық. Мағжан Жұмабаев ауданында осындай 2 жағдай тіркелсе, тағы 1 адамнан Аққайың мен Жамбыл аудандарында анықталды. Жалпы, биыл вируспен 14 жасқа дейінгі балалар ауырған.

АРМАН КҮШБАСОВ, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары:

– Вирус жұқтырғандардың 9-ы – инфекцияға қарсы екпе алмағандар. Қызылша – ауа арқылы таралатын қауіпті вирустық инфекция. Вирус денеге шырышты қабат арқылы еніп, бүкіл өне бойына таралады. Жалпы, қызылша асқынып кетсе өте қауіпті. Мидың зақымдануы, құлақ инфекциясы, ауыр респираторлық инфекция мен пневмонияға әкеп соқтыруы мүмкін.