Қоғам

Ит-мысықты үйде ұстау және серуенге шығару ережесін елемегендерге жауапкершілік қарастырылған

– Участковый инспектор, капитан полиции Қазжан. Хотим Вам напомнить о правилах содержания и выгула домашних животных. Напоминаем: если Вы выгуливаете своих домашних животных, то собака – должна быть в наморднике, на коротком поводу, не считая мест, специально отведенных для выгула и содержания собак.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға ит-мысықты үйде ұстау және серуенге шығару тәртібін түсіндіру мақсатымен профилактикалық шара өткізіп жатыр.
Азаматтардың көбі иттеріне тұмылдырық тақпайды, жетектемейді, қарғы бауын шешіп, бос қоя береді. Егер қабаған ит көшеде осылай еркін жүрсе, бұл өзгелерге қауіп төндіреді. Мұндай фактіні тіркеген полиция қызметкері жануардың иесіне хаттама толтырады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін 10 АЕК айыппұл қарастырылған. Оның сомасы – 34 500 теңге. Жыл басынан бері облыс орталығында осындай әрекетке жол берген 400-ден астам адам жауапқа тартылыпты.

Әбілқайыр Қазжан, қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторы:

– Петропавл қалалық учаскелік полиция инспекторлары күнделікті негізде қала тұрғындары арасында профилактикалық ескерту жұмыстары жүргізіледі. Қала тұрғындары үй жануарларын серуендету кезінде енгізілген талаптарды бұзса, әкімшілік кодекстің 407-2-бабына сәйкес оларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Жыл басынан қала аумағында 140 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.

Қалалық полицейлер бір күннің ішінде ит серуендету тәртібін сақтамаған 4 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-ші бабының 2-ші бөлігі бойынша айыппұл салды.