Қоғам

Діни экстремизм мен терроризм идеологиясының беделін түсіру

Петропавлда Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырыс аясындағы оқыту-семинары жалғасып жатыр. Бүгінгі шараға облыстық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, ішкі саясат өкілдері, терроризмге қарсы комиссия хатшылары-аудан әкімдерінің кеңесшілері, құқық қорғау, түзеу мекемелерінің қызметкерлері мен теологтар қатысты. Қаузалған тақырып – діни экстремизм мен терроризм идеологиясының беделін түсіру. Мінберге шыққан жандар қоғам дертіне қарсы насихат пен оңалту жұмыстарының жаңа әдіс-тәсілдері жайлы кеңінен баяндады. Еліміздің бірнеше қаласынан білікті мамандар шақырылған шара ертең мәресіне жетпек.

НҰРТАС НҰРМАҒАМБЕТ, СҚО дін істері басқармасының бас маманы:

– Қазіргі таңда еліміздегі өзекті мәселенің бірі – жат ағымдардың кең таралуы. Мұнымен күрес Қазақстанда 2 бағытта жүргізіліп жатыр. Кеше Петропавлда 3 күндік семинар басталды. Семинарда айтылған дүниелерді жұмыста еркін қолдануға болады. Таратуға да рұқсат етіледі.

 

Байболат Култанов