Құқық қорғау органдары

СҚО-да 6 күнде 35 мас жүргізуші ұсталды

Облыста 6 күннің ішінде жол ережесін бұзуға қатысты 2 мыңға жуық факті тіркелді. 300-ге жуығында жылдамдық асырылған, 200-ден астамында көлікте отырған адамдар қауіпсіздік белдігін тақпаған. Рөлде отырып телефонмен сөйлескен 162 адам анықталды. Ал жаяу жүргіншілер жолда жүру ережесін 253 рет бұзған. Көлікті мас күйде жүргізген 35 адам ұсталды. Полиция қызметкерлері облыста тамыздың 8-і мен 13-і аралығында өткізген «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады.