Петропавлда жасы елудің екісіне келген ер адам анасына тиыштық берер емес. Таңның атысынан кештің батысына дейін жанжал шығарады. Осындай шағыммен 76 жастағы кейуана 8-ші учаскелік полиция пунктіне қоңырау шалған. Айтуынша, ішімдікке әуес баласы жанжал шығаруға құмар. Ер адам 3 бап бойынша айыпталып, отбасында жанжал шығарғаны үшін, сот үкімін орындамау және қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін 30 күнге қамауға алынды.
Солтүстікқазақстандық полицейлер жыл басынан бері отбасылық жанжал бойынша 1402 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеген. 296 жанжалқой әкімшілік қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап шаңырақтың шырқын бұзатындарға қатысты жаза қатаңдатылды.
Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
– Біріншіден, тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің арызданудан анықтау сипатына көшу. Яғни, ұсынылып отырған түзетулер жәбірленушілердің арызынсыз яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камераларының және бейнетіркегіштерінің жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот шығарады.
Тәжірибе көрсеткендей, отбасылық жанжал фактісі бойынша сотта істі қарау екі жақтың татуласуы немесе жәбірленушінің өз ұстанымын өзгертуіне байланысты тоқтатылады. Полицейлер жанұяда жанжал туындаған жағдайда учаскелік инспекторға хабарласу қажеттігін немесе 150 байланыс орталығы мен әйелдерді қорғау ұйымына хабарласу керек екенін еске салады.
Ақжүніс Мұқатай