Өткен сенбі күні Петропавлда апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңке өтті. “Алтын Арман”, “Қызылжар Ақбастау” мен “Дария” сынды базарларға облыстың 5 ауданынан саудагерлер келді. Нәтижесінде 4 жарым тоннадан астам өнім сатылды. Жалпы, жыл басынан бері қалада 84 жәрмеңке өткізіліп, 143 тоннадан астам өнім сатылыпты. Мұндай шарада тауар құны нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен болатынын айта кетейік.
Ақжүніс Мұқатай