Тамыз айында Қазақстан бойынша 369 мың тоннадан астам АИ-95 бензинін тасымалдау жоспарланып отыр. Мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді жеткізуге байланысты барлық өтініш 100% қамтамасыз етіліп келеді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Қазір еліміздегі магистралді автожолдар арқылы бензин тиелген 1 047 цистерна жүрсе, оның 341-іне АИ-95 маркалы сұйықтық құйылады. Барлық мұнай өнімі диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен жеткізілмек. Айта кету керек, бензинді жеткізу жүк тасымалдаушы ұйым мәлімдеген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Демек, тасымалдаушы отынның қандай да бір түрін жөнелтуге әсер ете алмайды.
Байболат Култанов