Қазақстанда ғаламтор пайдаланушылардың саны жыл санап артып келеді. Data Reportal сайтының жыл басындағы дерегіне сүйенсек, елімізде 17 млн-нан астам интернет пайдаланушы тіркелген. Ол дегеніміз – жалпы халықтың 90,9 пайызын құрайды. Бұл туралы Aikyn. kz.-те жазылды. Қоғамдық саясат институтының маусым айында жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, қазақстандықтардың 35,4 пайызы – интернеттің, ал 9,7 пайызының телефон және мобильді байланыс сапасына көңілі толмайды. Олардың дені, яғни 40,6 пайызы – ауыл азаматтары. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жыл басындағы есебіне сәйкес, қазіргі таңда елдегі ауылдардың 22,7 пайызға жуығы мобильді интернетсіз отыр.
Аснурия Абдула