Қоғам

Соңғы үш жылда тұрғын үй алуға берілетін несиелендіру көлемі 2,5 есеге өсті

Үй сатып алуға берілетін несиелендіруге де тоқталып өтейік. 3 жылда жалпы көлем 3 триллион теңгеге өсті, деп хабарлады LS порталы. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үй несиелерінің көлемі 4,9 трлн теңгені құрады. Ал 2020 жылы аталған көрсеткіш 1,9 трлн шамасында болған. Осылайша, үш жыл ішінде ипотека көлемі 2,5 есеге өсіп отыр. Өңірлер бойынша Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстары көш бастап тұр.

 

Алдияр Айтпаев