Қоғам

Ел Президенті Абай күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықты Абай күнімен құттықтады. Жүрекжарды тілегін Ел Президенті өзінің Twitter парақшасында жариялады. Құттықтау хатында ұлы ақынның есімі мен еңбектері мерекеде ғана емес, әркез ұлықталуы тиіс екендігі жазылған.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз.

 

Алдияр Айтпаев