Қоғам

Электр самокатты пайдалану ережелері

Облыс орталығында электр самокаттардың саны артты. Бұрын көшеде қара түсті көлік түрін жиі көрсек, қазір көктерін де кездестіреміз. Бұлар – белгілі бір ұйымға тиесілі жылжымалы мүлік. Яғни, кәсіпкер табыс табу мақсатында осындай қадамға барып отыр.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Әрине, заман игілігінің Петропавлға жеткені жақсы. Мен мына самокатпен белгілі бір жерге тез жетемін. Жаяу барсам біраз уақытым кетеді, ыстықта күшім сарқылады. Көлік құралы бос уақыт өткізуге де жақсы. Алысқа бармай-ақ, жан тынышталатын әрі ауасы жұпар саябақты бір аралап шықсаңыз, кәдімгідей демалып қаласыз.

Алайда, электр самокатпен үлкен де, кіші де байқап жүру керек. Жылдамдықты шамадан тыс асырсаң, шалт қимылмен оңға-солға бұрылсаң, шалқаңнан түсуің әбден мүмкін. Қолда бар дерекке сүйенсек, биыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 3 бала жүгініпті. Абырой болғанда, бәрі жеңіл жарақатпен шектелген.

– Адам жүретін жолмен ғана жүрем. – Ал, жалпы ережемен таныс емессің бе? – Таныс емеспін.
– Мен 1 самокатқа мінбен мектеп жасындағы балаларды жиі көрем. Өзім көлік жүргізгендіктен бұл аса қауіпті деп санаймын. Барша халықты тиісті ережелермен жақынырақ танысуға шақырамын.
– Парктің ішінде қатты жүрмеу керек. Адамды соғып кетуің мүмкін. Жылдамдықты сағатына 10 шақырымнан асырмаған жөн.

Айтпақшы, мемлекет басшысы 29-шы маусымда “Жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды. Заң ағымдағы жылғы 30-шы тамыздан бастап қолданысқа енгізілмек. Құжатта былай жазылған:

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ басқармасының аға инспекторы:

– Электр самокаттардың жүргізушілеріне велосипед жолымен, велосипед жолағымен жүруге рұқсат етіледі. Егер бұлар болмаса, жүргізуші жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда жүруі тиіс.

Бұл – 18 жасқа толған адамға қатысты ереже. Электр самокат тізгініндегі тұлғада өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Сонда, көшеде де, саябақта да емін-еркін қатынауға болады.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Бірақ, бұл жасөспірімдерге самокатпен жүруге мүлде болмайды дегенді білдірмейді. Ұл-қыздар самокатпен жүре алады. Бірақ, Қазақстан Конституциясы сияқты кең көшелерде, көлік жоқ жерлерде, саябақтарда емін-еркін қыдыруға рұқсат етілген.

Осы орайда айта кетейік, үлкен де, кіші де жылдамдықты 6 шақырымнан асырмауы міндетті. Сонымен қатар, самокаттың рөлін бір қолмен ұстап жүруге болмайды. Жолаушы және жүк тасымалдауға қатаң түрде тыйым салынады. Бұл негізгі ереженің басы ғана.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ басқармасының аға инспекторы:

– Электр самокаттармен электр самокаттарды сүйретуге болмайды. Көліктен түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге тыйым салынады. Және жолдың жүру бөлігінде шлемсіз болуға болмайды.

Электр самокаттардың жүргізушілері бұл ережелерді ескермесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұлдың көлемі 17 мың теңгеден асып жығылады.

 

Байболат Култанов