Қоғам

Тайыншада 34 млн теңгенің гербициді ұрланды

Тайынша ауданында серіктестіктердің бірінен 84 қорап гербицид ұрланды. Жалпы сомасы 34 млн теңгені құрайды. Мамандар 3 күн ішінде Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында 11 адамды тексерген. Нәтижесінде 22 және 32 жастағы екі тайыншалық тұрғын ұсталды. Қолды болған гербицид бір азаматтың туысының үйінен тәркіленді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілер Ақмола облысында қамауда отыр.

 

Аснурия Абдула