“Сапа Инвест Плюс” серіктестігі – Мамлют ауданында орналасқан ДСП, яғни жиһаз материалын шығаратын зауыт. Жобаның құны 1,5 млрд теңгені құрайды. 2022 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінде қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Күніне мұнда 800-1000 дана шикізат өндіріледі екен, ал жылдық қуат 300 мың данаға дейін жетеді. Бір тақтайшаның құны 8-10 мың теңге шамасында тұрады.
НҰРМҰРАТ МҰЗАРАПҰЛЫ, “Сапа Инвест Плюс” ЖШС директоры:
– 2020 жылы облысқа ДСП шығару туралы ұсыныс айтып, ой тастадық. Олар құптады. Меморандумға қол қойдық. 2021 жылы пандемия болып, біраз мәселелер туындады. Бірақ, сол жылы техникаларды Қытайдан, Ресейден, Кореядан сатып алып қойғанмын. 2022 жылы өз ісімізді бастадық. Жарық және су мәселесі шешіліп жатыр. Конкурсқа беріліп қойған. 02:02 Енді, бізге қазір жарық өте қажет. Көршілерден алып жатқан жарықтың күш-қуаты жетпейді. Техникалардың барлығын әрдайым сынақтан өткізіп отыру қажет. Сондықтан, осы мәселенің шешілгенін күтіп отырмыз.
“Сапа Инвест Плюс” серіктестігі – әзірге облыста жиһаз материалдарын шығаратын жалғыз зауыт. Өніміне сұраныс көп. Нұрмұрат Мұзарапұлы “Елдегі қажеттіліктен артылса, экспорттау да ойымызда бар”,- дейді.
НҰРМҰРАТ МҰЗАРАПҰЛЫ, “Сапа Инвест Плюс” ЖШС директоры:
– Бұрын Қазақстан ДСП-ның 99 пайызын шетелден әкелетін. Ал қазір маған “Қашан шығарасың? Қашан сатып аламыз?” деп хабарласып жатқандар өте көп. Өйткені, мен бұл саланың қыр-сырын жақсы білемін. Бұрын сатып алу ісімен айналысқанмын. Қытай, Польша және Өзбекстан сұрап жатыр. Егер өзіміздің қазақстандық нарықтан артылып жатса, шетелге шығарамын деген ойым бар. Елімізде Алматы, Астана, Шымкент қалалары мегаполис болғандықтан сұраныс әдәуір көп.
Серіктестік бүгінде екі ауысымда істейтін 80 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ең төменгі жалақы 150 мың теңгені құрайды. Жас мамандарды жұмысқа алмастан бұрын 2 ай даярлайды екен. Бақытбек Үсенұлы болса, өндірістік салада 15 жылдық тәжірибесі бар білікті маман.
БАҚЫТБЕК ҮСЕНҰЛЫ, инженер-технолог:
– 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмын. Тәжірибем бар. Мұндағы барлық технологияларға жауаптымын. Жұмыс ауыр емес. Күніне 8 сағат істейміз. 300 мың теңге көлемінде жалақы аламын. 01:02 Ашылған кезде білікті технологтар келіп, технологиялардың тілін табуды үйретіп кеткен болатын.
Мына құрал “ыстық пресс” деп аталады. Бұл үлкен техниканы басқару үшін аса ұқыптылық пен икем қажет дейді Бақытбек Үсенұлы.
БАҚЫТБЕК ҮСЕНҰЛЫ, инженер-технолог:
– Бұл артымда тұрған – пресс. 1 дегенде 12 дана тақтайша өндіреді. “Ыстық пресс” деп те атайды. 260 градус температурада ДСП-ны басып шығарады. Функциялары көп. Бір жағында ыстық майы болса, бір жағында гидрафлигі бар және т.б.
“Сапа Инвест Плюс” серіктестігі қалдықсыз өнім шығарады. Яғни, ағаштың бірде-бір бөлігі ысырап етілмейді. Жалпы, кәсіпорын жылына 20 мың текше метр ағаш пайдаланады екен.
Аснурия Абдула