Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

Мұржаның құлауына қатысы барларға сот үкімі оқылды

Петропавлда аты шулы іске нүкте қойылды. Нақтырақ айтсақ, 2-ЖЭО-дағы мұржаның құлауына қатысы барларға сот үкімі оқылды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың наурызында қуат ошағындағы мұржалардың бірі бел ортасынан опырылып түскен болатын. Салдарынан 37 жастағы Наталья Чефонова есімді қызметкер көз жұмды. Айыптылар – бұрынғы директор Ержан Қоңырбаев, бас инженер Сергей Торохтий және қазандық цехінің бастығы Сергей Марченко. Назар аударарлық жайт, аты-жөні аталғандар өз лауазымдарында бір жыл да жұмыс істемеген. Петропавл қалалық сотының судьясы Алмас Жұмағазин осы және өзге де фактілерді алға тартып, мынандай үкім оқыды.

АЛМАС ЖҰМАҒАЗИН, Петропавл қалалық сотының судьясы:

– Сот Ержан Қоңырбаевты, Сергей Торохтийді және Сергей Марченконы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша кінәсіз деп таныды және қылмыстық жазадан босатты. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау шараларын қолдану үшін Солтүстік Қазақстан облысының прокурорына жолдансын.

 

Байболат Култанов