Құқық қорғау органдары

Полиция қызметкері балаларды спортқа баулып жүр

Полиция қызметкері бос уақытында балаларды жаттықтырады. Облыстық ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы Марлен Боранбаев “Сұңқар” аралас жекпе-жек федерациясында жаттықтырушылық қызметпен айналысады. Онда 6 және одан жоғары жастағы балалар шынығады. Марлен Боранбаев – жоғары санаттағы бапкер.

МАРЛЕН БОРАНБАЕВ, СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы:

– Біздің жаттығуларымызға аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары қатысады. Жаттығу “Жас динамо” жобасы аясында тегін жүргізіледі. 

Сондай-ақ, әуесқой спортшы жедел қызметкерлерге қоян-қолтық ұрыстан сабақ береді. Өзі дене шынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша білім алған. Кейін әскерге шақырту алып, қызметін теңіз жаяу әскерлері қатарында жалғастырған.

Ерлан Қабдуәлиев, СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бөлімінің бастығы:

– Енді Марлен жайында айтып кететін болсақ, бала кезінен спортты жақсы көрген кикбокспен айналысқан. Кикбокстан спорт шеберіне үміткер болып табылады. Қазіргі уақытта ММА панкратион спорт түрінен балаларды жаттықтыруда. Жалпы, біздің басқарманың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің жауынгерлік даярлығын арттырып, теориялық және практикалық сабақтар өткізу болып табылады.

 

Гульден Симбаева