Еліміздегі көпірлер цифрландырылады. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары өткелдердің арнайы базасын әзірлеуге кірісті деп хабарлайды aikyn.kz порталы. Жаңашылдық сапалы әрі сенімді нысандарды анықтауға мүмкіндік береді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мақұлдаған. Институт мамандары бүгінге дейін өңіріміздегі көпірлерді тексеріп үлгеріпті. Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола және Павлодар облыстарында да осындай жұмыстар жүргізілген.
ӘСЕЛ НҰҒМАНОВА, «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол құрылысы материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры:
– Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарда барлығы – 1 500 мыңға жуық көпір құрылымы бар. Олардың барлығы цифрландырылады. Біздің басты міндетіміз – жыл соңына дейін толық жұмыс істейтін жүйе құру. Сондықтан, әзірге түсінікті болу үшін тек 20 көпірді енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл бізге бағдарламаның алгоритмдерімен және нақты мысалдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Алдияр Айтпаев