Қоғам

СҚО-да азық-түлік тауарлары 15% қымбаттаған

Солтүстік Қазақстан облысында инфляция 15,4% құрап отыр. Статист мамандардың дерегінше, биылғы шілдеде азық-түлік бағасы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға өскен. Ал азық-түлік емес тауарлар – 16,2, ақылы қызметтер 15,2 пайызға қымбаттапты. Жекелей тоқталайық, жыл басынан бері күріш құны – 50, нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 31, сүт өнімдерінің құны 19,3 пайызға артқан. Алкоголь мен темекі 17,5 пайызға қымбаттаған. Ал қант 6,7 пайызға арзандады. Қызанақ пен қияр бағасы да 16 және 14 пайызға түсіпті.

 

Байболат Култанов