Қоғам

“ES GLOBAL AGRO” серіктестігі ауылға өз септігін тигізуде

Ғ.Мүсірепов ауданындағы Бірлік ауылы күн санап құлпырып келеді. Атына заты сай. Жергілікті халықтың ынтымағы жарасқан. Елді мекенге “ES GLOBAL AGRO” серіктестігінің директоры Матвей Скорняков та өз көмегін көрсетуде. Қазіргі таңда Бірлікте 18 көше бар. Агроқұрылым өкілдері оларды қыстыгүні қардан тазаласа, жаздыгүні қаз-қалпында сақталуына күш салады.

МАТВЕЙ СКОРНЯКОВ, “ES GLOBAL AGRO” ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Ауылдағы жолдардың жағдайы жақсы. Асфальт төселінді. Біздің ендігі мақсатымыз – тәртіпті, тазалықты сақтау. Көшеде ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Арнайы таңбалар орнаттық. Қыста үнемі қардан тазалаймыз. Үлкен көлемдегі қоқысты шығару – серіктестіктің мойнында.

Матвей Скорняковтың қарамағында 160-тан астам адам жұмыс істейді. Алқапта астық өсіріп, өрісте мал жаятын тұрғындардың орташа табысы 140 мыңды құрайды.

МАТВЕЙ СКОРНЯКОВ, “ES GLOBAL AGRO” ЖШС директоры, Ғ. Мүсірепов ауданы:

– Қабілетті, жігерлі жастарымыз өте көп. Бірақ, олар жұмыстың жоқтығынан қалаға кетіп, еңбек етуге мәжбүр. Осы жайттың алдын алғымыз келеді. Құрылыс жұмыстарын бастау жоспар бар.

Жалпы, Бірлік ауылдық округінде 1200-дей адам тұрады. Үйдің саны – 350. Ал ауылдағы мектеп 300 балаға шақталып салынған. Қазіргі таңда 100-ден астам ұл-қыз оқып жатыр. Ауыл тұрғыны Тамара Шульганың айтуынша, серіктестік білім ошағына да көп көңіл бөледі.

ТАМАРА ШУЛЬГА, Бірлік орта мектебінің кәсіподақ төрағасы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Мектепте 2 жыл бұрын күрделі жөндеу болды. Серіктестік асхананы барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті. Ескі қоршаулар ауыстырылды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус орнатып берді. Оқушыларды өзге аудан орталығы мен қалалардағы олимпиадаларға апарар кезде көлік жағынан көмектеседі. Соның арқасында балаларымыз да бірталай белесті бағындырып жүр.

Бірліктегі балалардың бәрі спортқа жақын. Асылхан Зардыханұлы – осы елді мекеннің тумасы. Жігерлі жігіт туған жерге ту тігуді қалаған.
Мектепке жұмысқа кіріпті.

АСЫЛБЕК ЗАРДЫХАНҰЛЫ, Бірлік орта мектебінің футбол жөнінен жаттықтырушысы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Жігіттеріміз ауданда әрдайым 1-ші орын алады. Өзге елді мекендерде, қалада болатын жарыстарға бару үшін ақшаның керектігі белгілі. Әрдайым “ES GLOBAL AGRO” серіктестігінің басшысына жүгінеміз. Тамақ, көлік жағынан көмегін аямайды. Балалар да, ата-аналар да дән риза.

Бірлігі мықты Бірліктің футбол құрамасы серіктестіктің көмегімен Қостанай, Алматы қалаларындағы оқу-жаттығуда болыпты.

 

Аснурия Абдула