Құқық қорғау органдары

Бір аптада 2500-ден астам жүргізуші жол ережесін бұзған

Полицейлер жолдағы профилактикалық іс-шара кезінде облыста 2 жарым мыңнан астам түрлі құқық бұзушылық анықтады. Оның ішінде 300-ден астамы жылдамдықты арттыруға қатысты. 60 адам маневрді дұрыс жасамаса, 34-і бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. 39 жүргізуші мас күйінде ұсталды. Көлік иелері арасында жиі кездесетін өрескел әрекет – қауіпсіздік белдігін тақпау және телефонмен сөйлесу. Бұндай 500-ден астам жағдай тіркелді.

 

Гульден Симбаева