Қоғам

Қазақстанда депозит мөлшерлемесі 25 жылдың ішінде рекорд жаңартты

Қазақстанда банктер салым мөлшерлемесін өсіруді жалғастыруда. “Қазір орташа сыйақы мөлшерлемесі соңғы 25 жылдың ішінде ең жоғарғы деңгейге жетті”,- деп хабарлайды Nur.kz. Мәселен, ол мамыр айында жеке тұлғалар үшін 13,9 пайызды құраса, маусым айында 14 пайызға дейін өскен екен. Сондай-ақ, енді депозит заңды тұлғалар үшін де пайдалы болмақ. Банктер енді оларға 14,6 пайыз жылдық мөлшерлемемен салым ұсынады. Айта кету қажет, қазіргі таңда тек теңгелік қана емес, шетел валютасында ашылған депозиттер де тиімді. Бүгінде жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме 18,3 пайызға дейін жетуі мүмкін.

 

Аснурия Абдула