Құқық қорғау органдары

Полицейлер ауыл тұрғындарынан қару тәркіледі

Аудандық тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарынан қару тәркіледі. Полицейлер тексеріс жүргізу кезінде Мамлют ауданының тұрғынынан “ТОЗ” маркалы аңшылық мылтығын анықтады. Ер адамның сөзінше, ол бұл қаруды көктемгі дала жұмыстары кезінде тауып алған. Тағы бір осындай жағдай Жамбыл ауданында болды. Малшы “ИЖ” маркалы мылтықты батпақтан тауып алдым деген. Қос азаматтың әрқайсысына 69 мың теңгеден айыппұл салынды.

ЕРБОЛ ҚАБҰРОВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– Ағымдағы жылдың басынан бастап СҚО-да 64 дана тіркелмеген қару тәркіленді. СҚО-ның тұрғындарынан тіркелмеген қаруды ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыруды сұраймыз. Өз еркімен тапсырылған қару үшін сіз әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатыласыз.

 

Гульден Симбаева