Қоғам

Абаттандыру ережесін бұзғандарға айыппұл салынады

Қазір қаладағы жеке тұрғын үйлердің маңында дәл осындай көріністі жиі көруге болады. Шабылған шөп жиналмайды. Оған қоса, түрлі қоқыстар да шашылып жатады. Полицейлер мұнымен күресуде. Нақтырақ айтсақ, мамандар арнайы рейдте петропавлдықтармен кездесіп, абаттандыру ережелерін түсіндіруде. Шара барысында ортақ тәртіпке мойынсұнбағандарға ескерту жасалады.

ҚУАНЫШ ШАЯХМЕТОВ, қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторы:

– Петропавл қаласының учаскелік полиция инспекторларымен қаланы абаттандыру ережелері бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Іс-шаралардың барысында тұрғындарға абаттандыру ережелері бойынша ескертулер жасалуда. Абаттандыру ережелері бойынша ӘҚ кодексінің 505 бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген. 

Статистика ұсынамыз. Жыл басынан бері облыс орталығында абатандыру ережелерін бұзудың 2700-ден астам фактісі тіркеліпті. Оның 2615 бойынша ескерту жасалған.

 

Гульден Симбаева