Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 400 мыңнан астам бала материалдық көмекпен қамтылады. Әр білім алушыға киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алуға 40 567 теңгеден беріледі. Қаражат ата-аналардың есеп шоттарына аударылады. «Жалпыға бірдей оқыту» қоры атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетеді. Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен төтенше жағдайға тап болған оқушылар да қаржылай көмек алады. Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары да бар.
Гульден Симбаева