Петропавлда 2-ші ЖЭО-да мұржаның құлауына қатысты істі қарау аяқталуға жақын. Алғашқы тыңдау қаңтардың 10-ы өткен болатын.
Бұл дерекпен бізбен “Неделя СК” газетінің редакциясы бөлісті.
Айыпталушылар орындығында 3 адам отыр: нысанның бұрынғы директоры Ержан Қоңырбаев, бұрынғы бас инженер Сергей Торохтий және қазандық цехінің экс-бастығы Сергей Марченко. Олардың төтенше жағдайға дейін өз лауазымдарында жұмыс істегендеріне бір жыл да болмапты. Үшеуі де станция құрал-жабдықтарын дұрыс пайдаланбады және өз міндетіне жауапкершілікпен қарамады деп айыпталуда. Соңғы сот отырысында айыпталушылардан жауап алынды. Жылу электр орталығының экс-директоры Ержан Қоңырбаев нысанның күйі әуелде мүшкіл болғанын айтты. Сотта мұржаның апаттың жағдайда деп танылған бөліктері 2017 жылы күрделі жөндеу кезінде уақыттың жетіспеуінен қамтылмай қалған. 2022-нің наурызында мұржа дәл сол тұсынан бөлініп түсті. Станцияның бұрынғы бас инженері Сергей Торохтий де бұған қатысы барын мойындап отырған жоқ. Ол өз міндеттерімді орындауға жауапкершілікпен қарадым, нысандағы жабдықтар тозып тұр деді. Айыпталушылар оқиғаның алдын алу мүмкін болмағанын айтты.
Гульден Симбаева