Қазір Назарбаев көшесіндегі №23 үйде жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Мұнда арнайы қондырғының көмегімен құбырлар жуып-шайылуда. “Пәтердегі қолайлы температура әзірлікке тікелей байланысты,- дейді Светлана Ковалева. Нәзікжанды осы үйде 40 жылдан астам тұрады. Бұрын қытымыр қысқа үйді жылыта алмай, қиналған сәттер болыпты. Өмірлік сабақ алған тұрғындар жыл да бір жеңнен қол шығарып, жазда дайындалады.
СВЕТЛАНА КОВАЛЁВА, қала тұрғыны:
– Құбырларды шайып, қысым жібермесе, жылыту маусымында төтенше жағдай да орын алуы мүмкін. Сол себепті, бұл жұмыс жыл сайын жазда атқарылады. Соңғы жылдардағы қыс мен үшін өте суық болды. Бірақ, үйдегі термометр +26 градусты көрсетіп тұрды. Бәрі дайындықтың арқасында дегім келеді.
“Әр үйдегі жылу жүйесі қысымға төтеп беруі керек”,- дейді мамандар. Үй тексерістен өткеннен кейін дайындық туралы сертификат беріледі. Бір үйдегі жуып-шаю жұмыстары орташа есеппен 2 сағатқа созылады.
АСЛАН ІЛИЯСОВ, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:
– Тұрғындардан дайындықты қыркүйекке дейін жеткізбей, осы уақытта жүргізуді сұраймыз. Жыл сайын 20-30 көпқабатты үй жұмысты уақытында өткізбейді.
Петропавлда 1100-ден астам көпқабатты үй болса, соның әзірге 268-і ғана дайындықтан өтті.
Гульден Симбаева