Ауыл шаруашылығы

Қазақстанда пайдаланылмаған 7 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстанда пайдаланылмай келген 7 млн га астам жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы АШМ-іне сілтеме жасай отырып LS агенттігі хабарлады. 7,2 млн га жердің 5,4 млн-ы өткен жылы қайтарылып алынса, қалғаны – биылғының үлесінде. Бұл жер учаскелерінің барлығы мақсатында пайдаланылмаған немесе заңсыз берілген. Бүкіл ел бойынша жыл басынан бері жер пайдаланушыларға қатысты 800-ден астам жоспардан тыс тексеріс жүргізіліпті. Нәтижесінде заңбұзушылықтарды жою бойынша 355 нұсқама берілген. Осы орайда 199 материал сот қарауында жатыр. Жыл соңына дейін тағы 5 млн га ауылшаруашылық жерді қайтару жоспарланып отыр.