Шілденің 1-інен бастап елімізде жеке кәсіпкерлердің электронды платформаларда сауда жасауына арналған пилоттық жоба іске қосылды. Петропавлда мұндай 700-ге жуық адам бар. Жобаға қатысу ерікті түрде жүргізіледі. Оның басты артықшылығы – салықтық тексеруді азайтып, уақытыңызды үнемдейді.
ӘЛІБЕК ҚАНИЕВ, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:
– Пилоттық жобаға жеке кәсіпкерлер қатыса алады. 1414 нөмірі бойынша барлық толық ақпаратты біле аласыз.
Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының хабарлауынша, бұған облыс орталығының көптеген кәсіпкерлері қызығушылық танытқан. Жаңа жүйені мемлекеттік кірістер комитеті іске қоспақ. Жобаға қатысу үшін кәсіпкер өтінім беруі қажет.
РҮСТЕМ ҒАББАСОВ, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:
– Азамат электрондық сауда алаңдарында сауда жасайтын жеке кәсіпкер болуы керек. Сондай-ақ, оңайтылған декларация немесе арнайы бөлшек режимін қолдану қажет. Серіктес банк сатушылардың салықтарды дер кезінде төлеуін қамтамасыз ету мақсатында пуш хабарламар жіберіп отырады.
Пилоттық жоба тамыз-қыркүйек айларында іске қосылуы тиіс.
Гульден Симбаева