Ұзаққа созылған жолдың жыры бітуге жақын. Челябі-Новосібір бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары 2017 жылы бастау алған болатын. Жауапсыз мердігерлер мен көпке созылған соттың салдарынан тоқтап қалған жұмыс биыл ғана жалғасын тапты. Жөнделетін аралықтың ұзындығы – 56 шақырым. Жолды жаңартуға республикалық бюджеттен 10 млрд теңге бөлінген. Оның 3 жарым млрд-ы биылға беріліпті. Мердігер – “ҚазСтройТехник” серіктестігі. Жұмыс екі жылға шақталған. Жол 2024 жылы толық дайын болуы тиіс. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 1970 шақырымды құрайды.
Аснурия Абдула