20 мамырда Сыртқы істер министрлігінде өткен “Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ” Ынтымақтастық комитетінің 20-шы отырысы шеңберінде, Еуропалық Одақтың назарына қазақстандық тарап көрсетілген уағдаластықтарға сәйкес ресми консультацияларды бастауға дайын екендігі туралы ақпарат берілді, Еуропалық тараптан визалық режимді жеңілдету алгоритмі мен механизмдері бойынша тиісті жауап келуі керек, бұл мәселе бойынша келіссөздер жалғасуда.
Ағымдағы жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге жұмыс сапары аясында Ішкі істер жөніндегі Еуропалық комиссар Ильва Йоханссонмен кездесті. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша консультациялар бастау туралы уағдаластықтарға қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстан 30-дан астам мемлекетпен визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді жалғастыруда.