Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері хабарлады. 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында елімізде 16 677 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 16 083 – і жеке үйлер, 574 – і көп пәтерлі үйлер, ал қалған 20 – сы жатақханалар. Көппәтерлі үйлерде пайдалануға берілген пәтерлер саны 63,1 мыңды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% – ға көп. Мемлекеттік құрылыс компаниялары көп қабатты үйлердің 7,6%, жеке компаниялар 91,2%, ал шетелдік компаниялар 1,2% тұрғызды.
Сондай-ақ, тұрғын үйді пайдалануға берудің өсуі ауылдық жерлерде де байқалады. Ағымдағы жылы еліміздің ауылдарында 1,6 млн м2 астам тұрғын үй салынды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 10,7% – ға артық.