Петропавлдағы №48 қылмыстық-түзеу мекемесінде жазасын өтеуші қайтыс болды. Жазатайым оқиға 21-ші шілде күні орын алды. Қайғылы жайттың алдында сотталғандар арасында жанжал туындапты. Мекеме қазметкерлері ауызша даудамайды тоқтатып, кейін дауға қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізген. Сол кезде біреуіне дем жетпей, тұншыға бастаған. Дәрігерлер дереу көмек көрсеткенімен ер адам көз жұмды. Аяқ астынан болған өлімнің себебін қазір жедел-тергеу тобы анықтап жатыр.
Акжунис Мухатай