Жанатай Ақанұлы 1723 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Өрнек ауылында дүниеге келген. Абылай ханның сенімді серігі, қарулас бауыры болған ер азамат 1771 жылы қалмақтармен болған қанды шайқаста қаза тапқан. Ер есімі – ел есінде. Даңқты тұлғаның мерейтойы Ғ.Мүсірепов ауданында аталып өтті. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өткізлді. Ат шаптырып, көкпар ойнатылды. Сондай-ақ, жастар қазақтың ұлттың ойындары – аударыспақ пен күрестен күш сынастырды.
Аснурия Абдула