Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитеті құрылады

Ел Президенті “Ашық НҚА” порталында орналастырылған Жарлықтың тиісті жобасын бекітті. Комитет активтерді аудитпен және бағалаумен, оларды сатып алу көздерінің заңдылығын тексерумен, сондай-ақ активтерді қайтару мәселелері бойынша өтініштерді қараумен айналысатын болады. Комитетті қаржыландыру республикалық бюджеттен және арнаулы мемлекеттік қордан жүзеге асырылатын болады. Комитет төрағасын Бас прокурордың ұсынысы бойынша Президент тағайындайды және қызметтен босатады.