Білім

2 мыңнан астам жұмыссыз әйел “IT- Aiel” бағдарламасы аясында білім алады

Елімізде 967 мың жұмысқа қабілетті әйел бар. Олардың 34 пайызы жұмыс істемейді, ал 41 пайызы жоғары білім алған. Бұл туралы елордада өткен брифингіде Astana Hub халықаралық технопаркінің басқарушы директоры Алина Әбдірахманова мәлімдеді. Енді елдегі жұмыссыз қыз-келіншектер “IT- Aiel” бағдарламасы аясында оқиды. Бүгінге дейін 2 мыңнан астам өтініш түсіпті.

АЛИНА ӘБДІРАХМАНОВА, Astana Hub басқарушы директоры:

– Astana Hub – Азиядағы ең ірі технопарктердің бірі. Оның қызметі ІТ бизнес үшін экожүйені қалыптастыруға, ІТ таланттарды қолдауға және стартап жобаларды дамытуға бағытталған. Қазір Astana Hub технопаркінде 1212 ІТ компания тіркелген. Оларға ақпараттық оқу, материалдық инфрақұрылым, бизнесті дамыту бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық тәртіптер тұрғысынан қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда біздің бағдарламамыздан 7 мыңнан астам адам өтті. Astana Hub қатысушылары IT саласында 20 мыңнан астам жұмыс орнын құрды.
02:22 Astana Hub ҚР Президенті жанындағы Әйелдері істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп, Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен IT саласында жұмыс істегісі келетін 2 мың қазақстандық әйелді оқытады.

Нәзікжандылар бағдарлама аясында No Code School, Freelance School, сондай-ақ, компьютерлік сауаттылық курстары бойынша білім алады. Осының ішінде фриланс ұғымына тоқтала кетсек. Бұл – қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сала. Қазақстанның кез-келген жерінде отырып, әлемнің түкпір-түкпірінен тапсырыс қабылдауға болады.

ДӘУЛЕТ БЕЙМУРЗИНОВ, Astana Hub білім беру бағдарламалар офисінің директоры:

– Бұл бағдарламаның мақсаты – жұмыссыз әйелдерді Freelance нарығына шығару. Freelance дегеніміз – көптеген фриланс биржалар, кез-келген қатысушы өзіне лайықты тапсырыстар алу арқылы табыс таба алады. Бұл – бірінші жұмыс табу бойынша қарастырылған жоба.
Жалпы, бұл бағдарламаға Астана мен Алматы қаласынан өте көп ұсыныстар келіп түсті. Астанадан 600-ден астам өтініш келіп түссе, Алматыдан 300-ден астам ұсыныс бар. Жалпы, өңірлер бойынша 1200-ден астам өтінім қабылданды.

Қатысушылардың орташа жасы – 32 жас. Курс соңында “IT- Aiel” бағдарламасының түлектері электронды сертификат алады.

 

Аснурия Абдула