Қоғам

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында талапкерлер іріктеуден өтіп жатыр

Ұлттық ұлан академиясында қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Құжаттар 8 мамандық бойынша қабылданып жатыр. Әскери адам болғысы келетін жастардың қарасы көп. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен келген. Жігіттер алдымен кәсіби психологиялық және медициниалық тексерістен өтеді. Дене дайындығы бойынша бақтарын сынайды. Сосын осы нәтижелерге ҰБТ-дан алған ұпай қосылады. Әскери оқу орнына биыл 200-ге жуық курсант қабылдау жоспарланып отыр. Тәжікстаннан тағы 10 курсант келеді. Сондай-ақ, биыл академияға алғаш рет магистратураға 12 офицер қабылданып жатыр.

 

Аснурия Абдула